"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28-бабының 6-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 52 "Меңдіқара ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5429 тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда "Меңдіқара үні" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
22-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
22 | Балықты ауылы | "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Балықты бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд". |
";
26-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Е. Теменов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Меңдіқара аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы
____________ В. Король
2017 жылғы 31 тамыз
