Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 29.11.2019 № 83 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Денисов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 қазандағы № 53 "Денисов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6716 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 желтоқсанда "Наше время" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
|
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының төрайымы |
К. Амантаева |
|
Денисов аудандық мәслихатының хатшысы |
А. Мұрзабаев |
КЕЛІСІЛДІ
"Денисов ауданының тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________________ И.М. Важничая
| Мәслихаттың 2017 жылғы 3 ақпандағы № 81 шешіміне қосымша |
|
| Мәслихаттың 2016 жылғы 24 қазандағы № 53 шешіміне қосымша |
Денисов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ р/б | Коммуналдық қалдықтардың жинақталу объектілері | Есептеу бірлігі | Жылдық жинақталу нормасы, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,0 |
2 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,5 |
3 | Жатақханалар, интернаттар | 1 орын | 1,0 |
4 | Қонақ үйлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,9 |
5 | Балабақшалар | 1 орын | 1,2 |
6 | Мекемелер, ұйымдар, кеңселер, жинақтау банкілері, байланыс бөлімшелер | 1 қызметші | 0,5 |
7 | Емханалар | 1 келуші | 0,01 |
8 | Ауруханалар | 1 төсек-орын | 1,3 |
9 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,18 |
10 | Кафелер, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отырғызатын орын | 0,7 |
11 | Кинотеатрлар | 1 отырғызатын орын | 0,2 |
12 | Мұражайлар | жалпы алаңның 1 м2 | 0,14 |
13 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,02 |
14 | Азық-түлік дүкендері | сауда алаңның 1 м2 | 0,6 |
15 | Өнеркәсіптік тауарлар дүкендері | сауда алаңның 1 м2 | 0,5 |
16 | Базарлар | сауда алаңның 1 м2 | 0,3 |
17 | Автовокзалдар | жалпы алаңның 1 м2 | 0,08 |
18 | Дәріханалар | сауда алаңның 1 м2 | 0,15 |
19 | Автожуулар, жанар-жағар май құю станциясы | 1 машина-орын | 1,5 |
20 | Автошеберханалар | 1 қызметші | 2,0 |
21 | Шаштараздар | 1 жұмыс орны | 0,8 |
22 | Тігін ательесы | жалпы алаңның 1 м2 | 0,4 |
23 | Аяқ-қиім жөндеу шеберханалар | жалпы алаңның 1 м2 | 0,3 |
24 | Моншалар | жалпы алаңның 1 м2 | 0,4 |
