Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің 17.01.2018 № 1 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 5-2/465 ұсынысы негізінде, Қурайлы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі мүйізді қара және ұсақ мүйізді қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Қурайлы ауылдық округі Өрлеу ауылындағы Жерұйық көшесі бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қурайлы ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Шалабаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қурайлы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы |
М.Ш. Тұрмағамбетова |
