Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы, 1 тармағы, 4 тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармағына сәйкес, қала халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақкөл қаласының көшелері:
Ново-Октябрьская көшесін – Ілияс Жансүгіров көшесіне;
Ленинский тұйық көшесін – Ыбырай Алтынсарин тұйық көшесіне;
Комсомольская көшесін – Достық көшесіне;
Карл Маркс көшесін – Кәукен Кенжетаев көшесіне;
Ворошилов көшесін – Қайым Мұхамедханов көшесіне;
25 партсъезд көшесін – Жастар көшесіне;
Фрунзе көшесін – Бейімбет Майлин көшесіне;
Чапаев көшесін – Мұхтар Әуезов көшесіне;
Авангардная көшесін – Ақжол көшесіне;
Зеленая көшесін – Баубек Бұлқышев көшесіне;
Сенная көшесін – Құлагер көшесіне;
Ново-береговая көшесін – Хамит Ерғалиев көшесіне;
Пионерская көшесін – Тәуелсіздік көшесіне қайта аталсын.
2. Осы бірлескен шешім және қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
|
Ақкөл аудандық мәслихат сессиясының төрайымы |
Ж.Салыбекова |
| Ақкөл ауданы әкімі | Т.Едігенов |
|
Ақкөл аудандық мәслихатының хатшысы |
Ж.Салыбекова |
