Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген) және "Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, шығаруға және көмуге тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12936 тіркелген) сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімге 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Түркістан қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімге 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат | |
| сессиясының төрағасы | С.Арыстанов |
| Қалалық мәслихат | |
| хатшысы | Ғ.Сарсенбаев |
| Түркістан қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 5/20-VI шешіміне 1 қосымша |
Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
| № | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Орташа жылдық жинақталу нормалары, м3 |
| 1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,1 1,3 |
| 2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері | 1 орын | 1,0 |
| 3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,702 |
| 4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,399 |
| 5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,2 |
| 6 | Емханалар | 1 адам | 0,02 |
| 7 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,0 |
| 8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,12 |
| 9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 орын | 0,5 |
| 10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы | 1 орын | 0,2 |
| 11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
| 12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 1,0 |
| 13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,4 |
| 14 | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1 м2 | 0,958 |
| 15 | Машиналардан сату | Сауда орны 1 м2 | 0,5 |
| 16 | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,52 |
| 17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,65 |
| 18 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,02 |
| 19 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,002 |
| 20 | Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
| 21 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,5 |
| 22 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
| 23 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,4 |
| 24 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 1,4 |
| 25 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,85 |
| 26 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | - |
| 27 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 2,2 |
| 28 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,4 |
| 29 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,46 |
| 30 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау) | 1 жұмыс орны | 0,5 |
| 31 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,7 |
| 32 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | - |
| 33 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | - |
| Түркістан қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 5/20-VI шешіміне 2 қосымша |
Түркістан қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері
| № | Атаулары | Есептік бірлігі | Баға (теңгемен) |
| 1 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге арналған тарифтер | | |
| 1.1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғыннан | 102 |
| 1.2 | Жайсыз үйлер | 1тұрғыннан | 119 |
| 1.3 | Заңды тұлғалардан | 1 текше метр | 1370 |
| 1 тонна | 3881 | ||
| 2 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер | | |
| 2.1 | Жеке тұлғалар | 1 текше метр | 486 |
| 1 тонна | 1325 | ||
| 2.2 | Заңды тұлғалар | 1 текше метр | 599 |
| 1 тонна | 1438 |
