Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 21.05.2018 № 190 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 19-1-бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Науырзым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Сессия төрайымы, аудандық мәслихаттың хатшысы |
Г. Әбенова |
"Науырзым ауданының тұрғын
үй–коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлiгi және автомобиль
жолдары бөлiмi" мемлекеттік
мекемесінің басшысының м.а.
___________________ Г. Гринь
2016 жылғы 28 қыркүйек
| Мәслихаттың 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 47 шешіміне қосымша |
Науырзым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жылдық шамасы, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,39 |
2 | Жатақханалар, интернаттар | 1 орын | 0,75 |
3 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 1,06 |
4 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,94 |
5 | Емханалар | 1 адам | 0,9 |
6 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,96 |
7 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,14 |
8 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 орын | 0,46 |
9 | Мұражайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,07 |
10 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,02 |
11 | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1 м2 | 0,67 |
12 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,14 |
13 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю стансалар, гараждар | 1 машина-орын | 1,26 |
14 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 2,3 |
