1. Қостанай облыстық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 "Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3877 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 қарашада "Костанайские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидаларында:
1-тараудың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Осы Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі, "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 "Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" қаулысының, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 болып тіркелген), Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 "Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10403 болып тіркелген), Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 34 "Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10583 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 "Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелген) негізінде әзірленген және Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу тәртібін анықтайды.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрайымы | Д. Космухамбетова |
|
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |
С. Ещанов |
"Қостанай облысы әкімдігінің энергетика
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Қ. Қамбаров
2016 жылғы 27 маусым
