1. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 366 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4561 тіркелген, 2015 жылғы 17 қарашада "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 366 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 443 қаулысы жойылсын.
3. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ж.М.Бексарыға жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | Б.Сапарбаев |
