РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Күршім ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2015 жылғы 11 қарашадағы № 501 ұсынысы негізінде, Күршім ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жануарлардың лейкоз ауруының анықталуына байланысты Күршім ауданының Күршім ауылдық округінің Күршім ауылындағы "Ақтасты" учаскесінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Күршім ауылдық округінің әкімі | С. Дүзбаев |
