Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының ұсынысы негізінде Қарабұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты Қарабұлақ ауылының Жетіген көшесіндегі тұрғындарының бір табын мүйізді ірі-қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитарлық инспекторы С. Қожекеновке осы шектеу іс-шараларынан туындайтын талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарабұлақ ауылдық округі әкімі | Қ. Чилибаев |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| Зайсан ауданының бас мемлекеттік | |
| ветеринариялық-санитарлық инспекторы | С. Қожекенов |
08.06.2015 жыл
