Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабынының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және "Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бекітілсін:
1) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Төлеби ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары;
2) осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Төлеби ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихат | |
| сессиясының төрағасы | А.Исабеков |
| Аудандық мәслихат | |
| хатшысы | Ә.Шыңғысбаев |
| Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі № 42/208-V шешіміне № 1 қосымша |
Төлеби ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары
| № | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Орташа жылдық жинақталу нормалары, м3 |
| 1 | Жабдықталған және жабдықталмаған үйлер | 1 тұрғын | 1,64-2,63 |
| 2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,32 |
| 3 | Қонақ үйлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,32 |
| 4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,25 |
| 5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,7 |
| 6 | Емханалар | 1 реттік келу | 0,02 |
| 7 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,73 |
| 8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,05 |
| 9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 тағам | 1,57 |
| 10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы | 1 орын | 0,1 |
| 11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1м2 | 0,02 |
| 12 | Стадиондар, спорт алаңы | Жоба бойынша 1 орын | 3 |
| 13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1м2 | 0,09 |
| 14 | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1м2 жалпы | 0,29 |
| 15 | Машиналардан сату | Сауда алаңы 1 м2 | 1,62 |
| 16 | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,29 |
| 17 | Базалар, сауда павильондары, дүңгіршіктер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 1,62 |
| 18 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,62 |
| 19 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,07 |
| 20 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,87 |
| 21 | Автовокзалдар | | 0,87 |
| 22 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,24 |
| 23 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина – орын | 1,55 |
| 24 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,83 |
| 25 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 1,45 |
| 26 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,95 |
| 27 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалаау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,62 |
| 28 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,87 |
| 29 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқты.) | 1 жұмыс орны | 1,95 |
| 30 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,07 |
| 31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 12,0 |
| Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі № 42/208-V шешіміне № 2 қосымша |
Толеби ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтері
| № р/с | Атаулары | Есептік бірлік | Баға, теңгемен |
| 1 | Коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету тарифтері | | |
| 1.1. | Жабдықталған үйлер ҚҚС мен | 1 адам/1 ай | 100 |
| 1.2. | Жабдықталмаған үйлер ҚҚС мен | 1 адам/1 ай | 130 |
| 1.3. | Заңды тұлғалар | 1 текше метр | 1790 |
| 2. | Коммуналдық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифтері | | |
| 2.1. | Жеке тұлғалар үшін | 1 текше метр | 400 |
| 1 тонна | 2000 | ||
| 2.2. | Заңды тұлғалар үшін | 1 текше метр | 510 |
| 1 тонна | 2550 |
