"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 402 "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2971 болып тіркелген, 2015 жылдың 3 ақпанында "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
"1. Жалпы ережелер" деген тараудың 9 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт тұрғын үй алабы, Астана даңғылы, 10-құрылыс, пошталық индексі 160023.".
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберуді;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Б.Жылқышиевқа жүктелсін.
| Облыс әкімі | Б.Атамқұлов |
| Б.Жылқышиев | |
| Е.Айтаханов | |
| С.Қаныбеков | |
| Е.Садыр | |
| С.Тұяқбаев | |
| А.Абдуллаев | |
| Р.Исаева |
