"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандар және қалалар бойынша:
Оңтүстік Қазақстан облысы басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемі осы қаулының 1-қосымшасына;
ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
| Облыс әкімі | А.Мырзахметов |
| Б. Оспанов | |
| Б.Жылқышиев | |
| Е.Айтаханов | |
| С.Қаныбеков | |
| Е.Садыр | |
| С.Тұяқбаев | |
| А.Абдуллаев | |
| Р.Исаева |
| Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "12" маусым № 169 қаулысына 1-қосымша |
Оңтүстік Қазақстан облысы басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 28.12.2015 № 435 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).| қ/с | Қала, аудандар атауы | Межеленген егістік ауданы, мың гектар | Субсидия көлемі, мың теңге |
| 1 | Арыс | 6,75 | 124 814,8 |
| 2 | Бәйдібек | 21,24 | 141 786,4 |
| 3 | Қазығұрт | 33,69 | 262 933,0 |
| 4 | Мақтарал | 117,26 | 2 217 769,4 |
| 5 | Ордабасы | 22,74 | 314 364,6 |
| 6 | Отырар | 10,7 | 213 864,5 |
| 7 | Сайрам | 25,52 | 220 063,1 |
| 8 | Сарыағаш | 26,1 | 383 035,7 |
| 9 | Созақ | 4,34 | 45 084,2 |
| 10 | Төлеби | 24,33 | 173 559,6 |
| 11 | Түлкібас | 31,44 | 244 773,7 |
| 12 | Шардара | 45,82 | 792 666,6 |
| 13 | Түркістан | 29,35 | 581 103,0 |
| 14 | Шымкент | 5,33 | 42 423,6 |
| 15 | Кентау | 0,94 | 16 278,9 |
| | Барлығы: | 405,6 | 5 774 521,0 |
| Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "12" маусым № 169 қаулысына 2-қосымша |
Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 28.12.2015 № 435 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).| қ/с | Қала, аудандар атауы | Межеленген егістік ауданы, гектар | Субсидия көлемі, мың теңге |
| 1 | Арыс | 3,5 | 5 250,0 |
| 2 | Бәйдібек | 0,5 | 750,0 |
| 3 | Қазығұрт | 48,71 | 75 863,8 |
| 4 | Мақтарал | 43,02 | 64 532,6 |
| 5 | Ордабасы | 48,22 | 102 334,4 |
| 6 | Отырар | 2,13 | 3 195,0 |
| 7 | Сайрам | 13,53 | 27 628,5 |
| 8 | Сарыағаш | 1 137,34 | 1 706 014,8 |
| 9 | Созақ | 0,0 | 0,0 |
| 10 | Төлеби | 11,53 | 25 146,7 |
| 11 | Түлкібас | 1,38 | 2 074,3 |
| 12 | Шардара | 2,55 | 3 827,1 |
| 13 | Түркістан | 26,58 | 59 928,6 |
| 14 | Шымкент | 235,63 | 430 819,2 |
| 15 | Кентау | 5,09 | 7 635,0 |
| | Барлығы: | 1 579,7 | 2 515 000,0 |
