Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Оңтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы 2014 жылғы 27 қазандағы № 343 қаулысына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 352 "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2883 болып тіркелген, 2014 жылдың 14 қарашасында "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына өзгерістер енгізілсін:
16 тармақтың 64), 65), 73) тармақшалары алынып тасталсын;
"Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындар тізбесінен:
8) тармақша алынып тасталсын.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Садырға жүктелсін.
| Облыс әкімінің міндетін | |
| атқарушы | Б. Оспанов |
| Б. Жылқышиев | |
| Е. Айтаханов | |
| С. Қаныбеков | |
| С. Тұяқбаев | |
| Е. Садыр | |
| Р. Исаева | |
| А. Абдуллаев |
