Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесіне сәйкес, жұмыссыз азаматтарға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылға арналған Май ауданында қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
2. 2016 жылға арналған ұйымдардың тiзбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздері 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. 2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс 2-қосымшаға сәйкес айқындалсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасарына жүктелсін
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Б. Ысқақова |
| Май ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "31" желтоқсандағы № 366/12 қаулысына 1-қосымша |
2016 жылға арналған ұйымдардың тiзбесі,
қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен
нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін
ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздері
| № р/с | Ұйымдар тiзбесi | Қоғамдық жұмыстардың түрлерi | Қоғамдық жұмыстардың көлемі мен нақты жағдайлары | Қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері |
| 1. | "Көктүбек селолық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | Аумақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру, тазарту, аумақты көркейту) | 1) тал-шыбық отырғызу – 150 дана; 2) гүл отырғызу - 600 дана; 3) ескерткiштер мен обелискiлердi көркейту - 4000 шаршы метр; 4) аумақты тазалау және көркейту – 40000 шаршы метр; 5) қоқысты жинау – 5000 текше метр. 1 жұмада 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | ең төмен жалақының мөлшерi, аудандық бюджет |
| 2. | "Ақжар ауылы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | Аумақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру, тазарту, аумақты көркейту) | 1) ағаш отырғызу – 200 дана; 2) гүл отырғызу - 200 дана; 3) ескерткiштер мен обелискiлердi көркейту - 75 шаршы метр; 4) аумақты тазалау және көркейту - 3000 шаршы метр; 5) қоқысты жинау – 320 текше метр; 6) ағаштарды көктемгi өңдеу - 100 дана. 1 жұмада 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | ең төмен жалақының мөлшерi, аудандық бюджет |
| 3. | "Май селолық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | Аумақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру, тазарту,аумақты көркейту) | 1) тал-шыбық отырғызу – 50 дана; 2) гүл отырғызу - 100 дана; 3) ескерткiштер мен обелискiлердi көркейту - 3080 шаршы метр; 4) аумақты тазалау және көркейту – 2900 шаршы метр; 5) қоқысты жинау - 770 шаршы метр; 6) ағаштарды көктемгi өңдеу – 165 дана. 1 жұмада 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | ең төмен жалақының мөлшерi, аудандық бюджет |
| 4. | "Қаратерек селолық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | Аумақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру, тазарту, аумақты көркейту) | 1) ағаш отырғызу – 150 дана; 2) гүл отырғызу - 150 дана; 3) ескерткiштер мен обелискiлердi көркейту - 1000 текше метр; 4) аумақты тазалау және көркейту - 2000 шаршы метр; 5) қоқысты жинау – 15000 текше метр; 6) ағаштарды көктемгi өңдеу - 150 дана. 1 жұмада 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | ең төмен жалақының мөлшерi, аудандық бюджет |
| 5. | "Майтүбек ауылы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | Аумақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру, тазарту, аумақты көркейту) | 1) ағаш отырғызу – 60 дана; 2) гүл отырғызу - 120 дана; 3) ескерткiштер мен обелискiлердi көркейту - 180 шаршы метр; 4) аумақты тазалау және көркейту - 20000 шаршы метр; 5) қоқысты жинау – 1470 текше метр; 6) ағаштарды көктемгi өңдеу - 200 дана. 1 жұмада 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | ең төмен жалақының мөлшерi, аудандық бюджет |
| 6. | "Қазан селолық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | Аумақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру, тазарту, аумақты көркейту) | 1) ағаш отырғызу - 100 дана; 2) гүл отырғызу – 50 дана; 3) ескерткiштер мен обелискiлердi көркейту - 1000 шаршы метр; 4) аумақты тазалау және көркейту - 150 шаршы метр; 5) қоқысты жинау – 1600 текше метр; 6) ағаштарды көктемгi өңдеу - 25 дана. 1 жұмада 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | ең төмен жалақының мөлшерi, аудандық бюджет |
| 7. | "Саты селолық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | Аумақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру, тазарту, аумақты көркейту) | 1) ағаш отырғызу - 60 дана; 2) гүл отырғызу - 40 дана; 3) ескерткiштер мен обелискiлердi көркейту - 5000 шаршы метр; 4) аумақты тазалау және көркейту - 2650 шаршы метр; 5) қоқысты жинау – 1600 текше метр; 6) ағаштарды көктемгi өңдеу - 50 дана. 1 жұмада 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | ең төмен жалақының мөлшерi, аудандық бюджет |
| 8. | "Малайсары селолық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | Аумақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру, тазарту, аумақты көркейту) | 1) тал-шыбық отырғызу – 120 дана; 2) гүл отырғызу - 350 дана; 3) ескерткiштер мен обелискiлердi көркейту - 1400 шаршы метр; 4) аумақты тазалау және көркейту - 3000 шаршы метр; 5) қоқысты жинау – 2200 текше метр; 6) ағаштарды көктемгi өңдеу - 150 дана. 1 жұмада 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | ең төмен жалақының мөлшерi, аудандық бюджет |
| 9. | "Кентүбек селолық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | Аумақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру, тазарту, аумақты көркейту) | 1) тал-шыбық отырғызу - 400 дана; 2) гүл отырғызу - 160 дана; 3) ескерткiштер мен обелискiлердi көркейту - 450 шаршы метр; 4) аумақты тазалау және көркейту 2100 шаршы метр; 5) қоқысты жинау – 1800 текше метр; 6) ағаштарды көктемгi өңдеу - 150 дана. 1 жұмада 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | ең төмен жалақының мөлшерi, аудандық бюджет |
| 10. | "Баскөл селолық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | Аумақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру, тазарту, аумақты көркейту) | 1) ағаш отырғызу - 100 дана; 2) гүл отырғызу - 140 дана; 3) ескерткiштер мен обелискiлердi көркейту - 2200 шаршы метр; 4) аумақты тазалау және көркейту - 1500 шаршы метр; 5) қоқысты жинау - 1000 текше метр; 6) ағаштарды көктемгi өңдеу - 100 дана. 1 жұмада 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | ең төмен жалақының мөлшерi, аудандық бюджет |
| 11. | "Ақшиман селолық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | Аумақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру, тазарту, аумақты көркейту) | 1) ағаш отырғызу - 150 дана; 2) гүл отырғызу - 80 дана; 3) ескерткiштер мен обелискiлердi көркейту - 40 шаршы метр; 4) қоқысты жинау – 1000 текше метр; 5) ағаштарды көктемгi өңдеу - 110 дана. 1 жұмада 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | ең төмен жалақының мөлшерi, аудандық бюджет |
| Май ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "31" желтоқсандағы № 366/12 қаулысына 2-қосымша |
2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс
| № р/с | Ұйымдар атауы | Сұраныс (адам саны) | Ұсыныс (адам саны) |
| 1. | "Көктүбек селолық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 51 | 51 |
| 2. | "Ақжар ауылы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 10 | 10 |
| 3. | "Май селолық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 8 | 8 |
| 4. | "Қаратерек селолық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 15 | 15 |
| 5. | "Майтүбек ауылы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 25 | 25 |
| 6. | "Қазан селолық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 18 | 18 |
| 7. | "Саты селолық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 10 | 10 |
| 8. | "Малайсары селолық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 15 | 15 |
| 9. | "Кентүбек селолық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 25 | 25 |
| 10. | "Баскөл селолық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 15 | 15 |
| 11. | "Ақшиман селолық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi | 8 | 8 |
