Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы әкімдігінің 01.09.2026 № 259 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3666 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда "Костанайские новости" газетінде, 2009 жылғы 30 қаңтарда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесінде:
"
285. | Тарелочка тоғаны | 4 | Қостанай қаласы |
"
деген жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі
комитеті "Қостанай облыстық орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі
аумақтық инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Ә. Маукулов
