Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 21.12.2018 № 208-34/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жыл сайын әлеуметтік көмек берілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда қалалық мәслихатының |
| кезектен тыс ХХХХІХ сессиясының төрағасы, |
| Қызылорда қалалық мәслихаты |
| хатшысының міндетін атқарушысы |
| Қ. ЕРНАЗАРОВ |
