Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 2 наурыздағы № 155 "Байғанин ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4246 санымен тіркелген, 2015 жылдың 2 сәуірінде аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Т. Мұстафа |
| Мәслихат хатшысы | Б. Турлыбаев |
| Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 9 қарашадағы № 191 шешіміне қосымша |
|
| Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 2 наурыздағы № 155 шешіміне қосымша |
| № р/с | Елді мекендердің атаулары | Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізілетін орындар |
| 1 | Қарауылкелді ауылы | Қарауылкелді ауылы Барақ батыр көшесі бойындағы "Байғанин аудандық Мәдениет үйі" Қазыналық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының алдындағы алаң |
| 2 | Жарлы ауылы | Жарлы ауылы Ардагерлер көшесі бойындағы ауылдық клубы ғимаратының алдындағы алаң |
| 3 | Ноғайты ауылы | Ноғайты ауылы Орталық көшесі бойындағы ауылдық клубы ғимаратының алдындағы алаң |
| 4 | Ебейті ауылы | Ебейті ауылы Жеңіс көшесі бойындағы ауылдық клубы ғимаратының алдындағы алаң |
| 5 | Алтай батыр ауылы | Алтай батыр ауылының Бұлақ көшесі бойындағы "Асылтас" дүкенінің ғимараты алдындағы алаң |
| 6 | Жарқамыс ауылы | Жарқамыс ауылының Орталық көшесі бойындағы жаңа үлгідегі модельді Жарқамыс ауылдық кітапханасы ғимаратының алдындағы алаң |
| 7 | Кемерши ауылы | Кемерши ауылы Орталық көшесі бойындағы "Көркем" сауда дүкенінің ғимараты алдындағы алаң |
| 8 | Оймауыт ауылы | Оймауыт ауылы Мәдениет көшесі бойындағы ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң |
| 9 | Миялы ауылы | Миялы ауылы Жем өзені көшесі бойындағы ауылдық клубы ғимаратының алдындағы алаң |
