"Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзiрлеу мен бекiту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19-1/277 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 19-1/1052 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12609 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 23 шiлдедегi № 180-НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 23.07.2025 № 180-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзiрлеу мен бекiту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19-1/277 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11524 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы теңгерiмдерiн әзiрлеу және бекіту қағидаларында:

      10-тармақ жаңа редацияда жазылсын:

      "10. Бас СРКПҚС жобасын уәкiлеттi орган мемлекеттік жоспарлау, индустриялық-инновациялық қызмет, көлiк және коммуникациялар, мемлекеттік геологиялық зерделеу, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, өңірлік даму, жер ресурстарын басқару және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен келiсім бойынша әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.";

      14-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      18-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А.Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ___________________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 22 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 11 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ______________ В. Школьник

      2015 жылғы 23 желтоқсан



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады