Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 04.01.2018 № 1 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" және 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Казталов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 91 "Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов және Болашақ ауылдық округтерінің аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3263 тіркелген, 2013 жылғы 17 мамырдағы "Ауыл айнасы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов және Болашақ ауылдық округтерінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов және Болашақ ауылдық округтері аумағында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.";
2-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Құтхожинге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Аудан әкімінің міндетін атқарушы |
Б. Хайруллин |
