РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 18 бабының 2) тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Күршім аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күршім ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 2253 "Ауылдық (селолық) жердегi жұмысы үшiн лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-14-137 тіркелген, 2011 жылғы 29 қазанда № 86 "Рауан", № 86 "Заря" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының атауы келесі редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы";
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес анықталсын.";
көрсетілген қаулы осы қаулының қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Күршім ауданы әкімінің орынбасары Р. Үмітбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Күршім ауданының әкімі | А.Сеитов |
"КЕЛІСІЛДІ":
| Күршім аудандық | |
| мәслихатының хатшысы | Қ. Әбілмәжінов |
" 18 " сәуір 2014 жыл
| Күршім аудандық әкiмдiгiнiң 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 2253 қаулысына қосымша Күршім аудандық әкiмдiгiнiң 2014 жылғы " 18 " сәуірдегі № 3289 қаулысына 4 қосымша |
"Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесiнiң ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесi
1. Директор;2. Директордың орынбасары;
3. Филиалдың директоры;
4. Ветеринарлық пункт меңгерушісі;
5. Мал дәрігері;
6. Мал фельдшері.
