РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 27.01.2015 № 51 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Алиповке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | К.Айтуреев |
| Шардара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы "5" маусымдағы № 271 қаулысына 1-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
| № | Аудан атауы | Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны | Оның ішінде | |
| республикалық бюджет есебінен | жергілікті бюджет есебінен | |||
| 1 | Шардара | 3558 | 2497 | 1061 |
| Шардара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы "5" маусымдағы № 271 қаулысына 2-қосымша |
Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 15.06.2015 № 246 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).| Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге | |
| Балабақша | Мектеп жанындағы шағын орталық |
| 18375,8 | 7021,9 |
| Шардара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы "5" маусымдағы № 271 қаулысына 3-қосымша |
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
| Барлығы | Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) | Айына бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) |
| 337,35 | 7084,35 |
Ескертпе: Айына бір балаға тамаққа кететін шығын 21 күнге есептелген.
