"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 28.05.2015 № 304 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | С.Ертай |
| Арыс қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 504 қаулысына 1-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
| № | Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны | Оның ішінде | |
| республикалық бюджет есебінен | жергілікті бюджет есебінен | ||
| 1 | 3038 | 1894 | 1144 |
| Арыс қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 504 қаулысына 2-қосымша |
Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері
| Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге | |
| Бала бақша | Мектеп жанындағы шағын орталық |
| 21293 | 9526 |
| Арыс қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 504 қаулысына 3-қосымша |
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
| Барлығы | Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) | Айына бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) |
| 300 | 6300 |
Ескертпе: Айына бір балаға тамаққа кететін шығын 21 күнге есептелген.
