Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына сәйкес Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасын бекіту туралы" Аққайың ауданы мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 12-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 31 шілдеде № 2342 тіркелген, 2013 жылғы 8 тамыздағы "Аққайың" газетінде, 2013 жылғы 8 тамыздағы "Колос" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасында:
3 тармақ 3) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
"3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
V шақырылған ХХIII сессия төрағасы |
А. Фильберт |
|
Аққайың ауданы мәслихатының хатшысы |
Қ. Құрманбаев |
| "КЕЛІСІЛДІ": | |
| "Аққайың аудандық жұмыспен | |
| қамту және әлеуметтік | |
| бағдарламалар бөлімі" | |
|
мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Е. Галыгина |
| 2014 жылғы 17 сәуір | |
| "Аққайың аудандық тұрғын үй | |
|
коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" |
|
|
мемлекеттік мекемесінің басшысы |
В. Бабинов |
| 2014 жылғы 17 сәуір | |
| "Аққайың аудандық экономика | |
| және қаржы бөлімі" мемлекеттік | |
| мекемесінің басшысы | Е. Гонтарь |
| 2014 жылғы 17 сәуір |
