"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 311-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. "Иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 21 маусымдағы № 5/15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 20 шілдеде № 1807 тіркелген, 2012 жылғы 28 шілдедегі № 88 "Солтүстік Қазақстан" газетінде, 2012 жылғы 28 шілдедегі № 88 "Северный Казахстан" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: "Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету Қағидасы туралы";
шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын: "Қоса берілген иттер мен мысықтарды ұстау мен серуендету Қағидасы бекітілсін";
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидада:
Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: "Иттер мен мысықтарды ұстау мен серуендету Қағидасы";
Қағиданың 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын: "Осы Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету Қағидасы (әрі қарай-Қағида) Солтүстік Қазақстан облысы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау мен серуендету тәртібін анықтайды".
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың XХVI сессиясының төрағасы |
А. Асанова |
|
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы |
Қ. Едіресов |
