Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес Качир аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Качир аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Качир ауданындағы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 1/26 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3743 тіркелген, 2014 жылғы 5 сәуірде "Тереңкөл тынысы" газетінің № 14, 2014 жылғы 5 сәуірде "Заря" газетінің № 14 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
8-тармақта 4) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"4) қазанның екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының мүгедектер күні.";
9-тармақта 9) тармақшасында екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік жәрдемақы алатындар қатарынан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасылары;";
10-тармақта 1) тармақшасында бесінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне орай осы Қағидалардың 9 тармақтың 6) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;";
10-тармақта 3) тармақша мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"осы Қағидалардың 9 тармақтың 2) тармақшасының бірінші, екінші абзацтарында, 9 тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға коммуналдық қызмет бойынша шығындарды қайтаруға 2 АЕК мөлшерінде - екінші деңгейдегі банктерде немесе жекеленген түрдегі банктік операцияларды жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы есепшот нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке куәлік, уәкілетті ұйым ұсынатын тізім негізінде;".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | С. Баяндинов |
| Качир аудандық | |
| мәслихатының хатшысы | С. Баяндинов |
