Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ірі қара және ұсақ малдың және иттердің арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Қ. Аманжолов ауылдық округіндегі Талды, Акбай-Кызылбай, Сарыобалы елді мекендері, "Үштөбе", "Өзен", "Қарамолла" қыстақтарына және Ынталы ауылдық округіндегі Ынталы елді-мекені аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс- шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Б.М. Токмурзинге жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қарқаралы ауданының әкімі | К.М. Максутов |
| КЕЛІСІЛДІ | |
| "Қазақстан Республикасы ауыл | |
| шаруашылығы Министрлігі | |
| ветеринариялық бақылау және | |
| қадағалау комитетінің Қарқаралы | |
| аудандық аумақтық инспекциясы" | |
| мемлекеттік мекемесінің басшысы | Т.Ж. Көпжасаров |
2014 жыл 03 қыркүйек
