Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы "Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарғалы ауданы бойынша 2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-аналардың ақы төлеу мөлшері осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Тынымгереевке жүктелсін.
3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Аудан әкімі | Р.Сыдықов |
| Қарғалы ауданы әкімдігінің | |
| 2014 жылғы 15 сәуірдегі | |
| № 108 қаулысына | |
| 1 қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
| № | Тұрғылықты жердің атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар саны (адам) |
| 1 | Бадамша ауылы | 100 |
| | Барлығы | 100 |
| Қарғалы ауданы әкімдігінің | |
| 2014 жылғы 15 сәуірдегі | |
| № 108 қаулысына | |
| 2 қосымша |
Бір айдағы жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі
| Бір тәрбиелену шіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдар | ||||||||||
| Балабақшалар (бөбекжайлар) | |||||||||||
| қатты отынымен жылыту | электр, газ немесе орталықтан жылыту | ||||||||||
| 1 топтан 3 топқа дейін | 4 топтан 5 топқа дейін | 6 топтан 7 топқа дейін | 8 топтан 9 топқа дейін | 10 және одан да көп топтарға дейін | 1 топтан 3 топқа дейін | 4 топтан 5 топқа дейін | 6 топтан 7 топқа дейін(Топта 20-дан көп емес бала) | 6 топтан 7 топқа дейін(Топтың сыйымдылығы 25 баладан асады) | 8 топтан 9 топқа дейін | 10 және одан да көп топтарға дейін | |
| | 27490 | | | | 43500 | 23531 | 21105 | 13450 | | | |
| Қарғалы ауданы әкімдігінің | |
| 2014 жылғы 15 сәуірдегі | |
| № 108 қаулысына | |
| 3 қосымша |
Бір тәрбиеленушіге күніне ата-ананың ақы төлеу мөлшері
| Мектепке дейiнгi ұйымда баланы ұстау ақысының мөлшері (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдар | ||
| Балабақшалар (бөбек-балабақшалар) | |||
| Ұйымдарда болу ұзақтығымен | |||
| 9 сағат | 10, 5 сағат | 12 сағат | |
| 300 | 400 | 420 | |
