Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Арынғазиеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Е. Омаров |
| Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 1502 қаулысына 1 қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
| № | Қала атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар (саны) |
| 1 | Ақтөбе қаласы | 1360 |
| барлығы | 1360 |
| Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 1502 қаулысына 2 қосымша |
Айына жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі
| Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдар | |||||
Балабақшалар | Шағын орталықтар | |||||
Балалар жарты күн болатын | балалар толық күн болатын | |||||
Қалалық жерде | Ауылдық жерде | Қалалық жерде | Ауылдық жерде | Қалалық жерде | Ауылдық жерде | |
20000 | 23736 | 5321 | 6648 | 11188 | 13915 | |
| Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 1502 қаулысына 3 қосымша |
Ата-ананың күніне бір тәрбиеленушіге ақы төлеу мөлшері
| Мектепке дейінгі ұйымда баланы ұстау ақысының мөлшері (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдар | ||
Балабақшалар (орталықтар) | Балалар толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар | ||
Ұйымдарда болу ұзақтығымен | |||
9-10, 5 сағат | 12 сағат | ||
400 | 420 | 400 | |
Ескертпе: бір тәрбиеленушіге күніне ата-ананың ақы төлеу мөлшері 420 теңгеден артық емес.
