"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2013 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2013 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2013 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары С.Мақашовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| АУДАН ӘКІМІ | Б. ЖАХАНОВ |
| Қазалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы "26" шілдедегі N 189 қаулысына 1-қосымша |
2013 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
N | Аудан атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар саны |
1 | Қазалы ауданы | 703 |
| Қазалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы "26" шілдедегі N 189 қаулысына 2-қосымша |
Жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері
N | Аудан атауы |
Бір тәрбиеленушіге бір айда жұмсалатын шығын | ||
Мемлекеттік балабақшалар үшін | Жеке балабақшалар үшін | Шағын орталықтар үшін | ||
1 | Қазалы ауданы | 25945 | 20295 | 15736 |
| Қазалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы "26" шілдедегі N 189 қаулысына 3-қосымша |
2013 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері
N | Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бір айдағы мөлшері | Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бір айдағы мөлшері |
1 | Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес | Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес |
