Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 05/01 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарының және кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлардың тізімі туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-117 болып тіркелген, 2011 жылдың 30 наурыздағы "Шарайна" газетінің № 25 (1891) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау әкім аппаратының басшысы А.С. Нысанбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сәтбаев қаласының әкімі | Ә.С. Омар |
| Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 26/18 қаулысына 1 қосымша Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 01 наурыздағы № 05/01 қаулысына 1 қосымша |
Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
| № | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындар |
| 1 | Сәтбаев қаласы | Ұлытау көшесі № № 86, 90 үйлердің ортасында (автобекет ауданы) |
| 2 | Комаров көшесі, № 25 үй жанында ("Қазақтелеком" АҚ ауданы) | |
| 3 | Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 88 үй жанында ("Кооптранс" базарының ауданы) | |
| 4 | Жезқазған кенті | Әбиев көшесі, № 21 А үй жанында ("Горняк" мәдениет үйінің ауданы) |
| 5 | Весовая елді мекені | Киров көшесі, № 22 үй жанында ("Теміржол көлік жолдарының кәсіпорыны" клуб ауданы) |
| 6 | Сәтбаев селосы | № 17 мектеп жанында |
| Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 26/18 қаулысына 2 қосымша Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 01 наурыздағы № 05/01 қаулысына 2 қосымша |
Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар мекен-жайлары
| № | Елді мекеннің атауы | Сайлаушылармен кездесулерге арналған үй-жайлар және орналасқан мекен-жайы | Үй-жайдың жалпы көлемі (шаршы метр) |
| 1 | Сәтбаев қаласы | Абай атындағы № 4 лицей мектебінің акт залы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 114 А үй, телефон: 3-33-36 | 215,2 |
| 2 | Сәтбаев қаласы | Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның акт залы, Комаров көшесі, № 11 А үй, телефон: 3-34-68 | 154,4 |
| 3 | Жезқазған кенті | № 2 орта мектептің акт залы, Әуезов көшесі, № 37 А үй, телефон: 2-23-20 | 61,5 |
| 4 | Весовая елді мекені | "Теміржол көлік жолдарының кәсіпорыны" клубының акт залы, Киров көшесі, № 20 үй, телефон: 2-26-61 | 220 |
| 5 | Сәтбаев селосы | № 17 мектептің акт залы, телефон: 6-01-66 | 68,6 |
