РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәcлихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Степногорск қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 8 тамыздағы № 5С-8/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3439 болып тіркелген, 2012 жылғы 13 қыркүйекте "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы |
С.Сабыров |
|
Қалалық мәслихаттың хатшысы |
Ғ.Көпеева |
КЕЛІСІЛДІ
| Степногорск қаласының әкімі | М.Тақамбаев |
| Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 5С-21/4 шешіміне қосымша |
Степногорск қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізілетін орындар
| № | Елді мекен атауы | Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізілетін орындар |
| 1 | Степногорск қаласы | "Мирас" мәдениет үйінің алдындағы алаң, 2 шағын аудан, 1 |
| 2 | Заводской кенті | кітапхана алдындағы алаң, Мира көшесі, 11А |
| 3 | Ақсу кенті | мәдениет үйінің алдындағы алаң, Қабылден Амантай көшесі, 3 |
| 4 | Шаңтөбе кенті | мәдениет үйінің алдындағы алаң, 1 шағын аудан, 23 |
| 5 | Бестөбе кенті | мәдениет үйінің алдындағы алаң, Мира көшесі, 492 |
| 6 | Қарабұлақ селосы | кітапхана алдындағы алаң, Ленин көшесі, 24 |
| 7 | Қырық құдық ауылы | ауылдың орталық алаңы, Бөгенбай Батыр көшесі, 9 |
| 8 | Изобильный ауылы | ауылдың орталық алаңы, Казахстанская көшесі, 9 |
| 9 | Степногорское ауылы | ауылдың орталық алаңы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 1 |
| 10 | Бөгенбай ауылы | ауылдың орталық алаңы, Мектеп көшесі, 2 |
