"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңының 6-бабына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Иттер мен мысықтарды ұстау ережесі туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 21 маусымдағы № 5/15 шешіміне (Мемлекеттік тіркеу реестрінде 2012 жылғы 20 шілде № 1807 тіркелген, 2012 жылғы 28 шілдеде № 88 "Солтүстік Қазақстан", № 88 "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Иттер мен мысықтарды ұстау ережесіндегі:
10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"10. Иттерді таластыруды ұйымдастыру мен өткізуге жол берілмейді.";
12-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"12. Иттер мен мысықтардың иелері жануарларын ветеринарлық мекемелерден ветеринарлық паспорттар алу жолымен тіркеуге қоюға тиісті.".
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының ІX сессиясының төрағасы |
C. Ахметбеков |
|
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
Қ. Едіресов |
