Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 11.03.2016 № 38/383 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында, Ақтау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
Ескертпе. 1-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 17.03.2014 № 18/178.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың депутаттар өкілеттігі және әдеп, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін ( Ы.Көшербай ).
3. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Сессия төрағасы Қалалық мәслихаттың хатшысы |
Б.БоранбаевМ. Молдағұлов |
| Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 19 шілдедегі № 4/46 шешіміне қосымша |
Ақтау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер,
пикеттер, шерулер және демонстрациялар
өткізу орындары
Ескертпе. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 17.03.2014 № 18/178.| № р/р | Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу орындары |
| 1 | Төртінші және бесінші шағын аудандар арасында, Тарас Шевченконың ескерткіші артында орналасқан саябағы |
| 2 | Бесінші шағын ауданында орналасқан М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармонияның акт залы |
