1. Облыс әкімиятының 2006 жылғы 20 маусымдағы № 168 "Жайық-Каспий бассейні бойынша (Атырау облысы шегінде) балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) пайдаланушыларға бекітіп беру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2467 тіркелген, 2006 жылғы 29 шілдедегі № 90 "Атырау" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасындағы:
7 және 9-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасындағы:
"Табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген Қиғаш өзені мен сағалық кеңістігінің балық шаруашылығы учаскелерінің (тартымдарының) тізбесі" кестедегі:
6-тармақ алынып тасталсын;
"Қиғаш өзенінің сағалық кеңістігі" кестедегі:
7-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К. Айдарбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастапқа қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Облыс әкімінің міндетін атқарушы | А. Әбдіров |
