Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14–бабы 4) тармақшасына, халқының пікірін ескере отырып, Сұлукөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сұлукөл ауылының көшелеріне келесі атаулары берілсін:
1) Алтынсарин;
2) Абай;
3) Б.Момышұлы;
4) Амангелді;
5) Ә.Молдағұлова;
6) Жүргенов;
2. Алынып тасталды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Сұлукөл ауылдық округінің әкімінің 24.06.2016 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сұлукөл ауылдық округінің әкімі: | Ә.Қошанов |
