Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылы", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округі әкімінің 12.11.2018 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес және Пресновка ауылы тұрғындарының пікірін есепке ала отыра ауылдық округ әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка ауылының орталық алаңына Қожаберген жырау аты берілсін.
2. Осы шешім бірінше рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округ әкімі | Ж.Дүйсенбин |
