Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Тасқопа ауылдық округ әкімі шешім етеді:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Темір ауданы Тасқопа ауылдық округі әкімінің 03.02.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
1. Тасқопа ауылының атаулары жоқ:
1) N 1 көшесіне Мектеп;
2) N 2 көшесіне Астана;
3) N 3 көшесіне Ашы–ойыл атаулары берілсін.
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Тасқопа ауылдық округі әкімі: | Ж.Н.Қалмағанбетов |
