Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2009.12.11 N 5/803 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу Ережелерін бекіту туралы" N 696 қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 3 тамыздағы "Алматы қаласы әкімдігінің жанынан Алматы қаласының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия құру туралы" N 5/989 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 709 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 12 тамызда "Вечерний Алматы", "Алматы ақшамы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Жоғарыда аталған Қаулымен бекітілген Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Алматы қаласының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы Ережедегі: 
      11 тармақтың 3 тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын: 
      "3) құжаттарды әрі қарай қарау."; 
      15 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: 
      "15. Құжаттарды одан әрі қарау туралы шешім шығарылғаннан кейін Комиссия шешімнің көшірмесін: 
      1) Жер қатынастары басқармасына жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжатты ресімдеу үшін; 
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу Ережелерін бекіту туралы" N 696 қаулысының негізінде Алматы қаласының әкімдігімен құрылған қабылдау комиссиясына пайдалануға қабылдау актісін ресімдеу үшін; 
      3) "Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық төлқұжатты ресімдеу үшін жібереді."; 
      3 тарау келесі мазмұндағы 15-1 тармағымен толықтырылсын: 
      "15-1. Осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген құжаттарды ресімдеу аяқталғаннан кейін комиссия жария ету субъектісіне мәліметтерді жария етілген мүлік тізіліміне бір мезгілде енгізе отырып, жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешімді ресімделген құжаттармен бірге береді"; 
      Жоғарыда аталған Қаулының қосымшасындағы Алматы қаласы әкімдігінің жанынан:      
| Әуезов ауданы бойынша | |
| Исахан Мырзаханұлы Қалықов | Алматы қаласының Әуезов ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы | 
| Бостандық ауданы бойынша | |
| Қайрат Сатыбалдыұлы Қайқыбаев | Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасының бас маманы; | 
| Жетісу ауданы бойынша | |
| Айбек Нұрғожаұлы Баймұрзаев | Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасының бас маманы; | 
| Түрксіб ауданы бойынша | |
| Манап Отарбайұлы Мырзабеков | Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасының бас маманы | 
комиссиялар құрамына енгізілсін; 
      аталған комиссиялар құрамынан: 
      Әуезов ауданы бойынша - И. Қ. Айтқасымов; 
      Бостандық ауданы бойынша - Р. Қ. Ыдырысов; 
      Жетісу ауданы бойынша - С.И. Әбдісадықов; 
      Түрксіб ауданы бойынша - Т.Т. Тұрысбеков шығарылсын. 
2. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ. Бүкеновке жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі
Әкімдік хатшысы
 
           
          
