Сотталған Қазақстан Республикасы азаматтарын қала объектілеріндегі қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту мақсатында және Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару Кодексінің 30 бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 31 және 37 баптары негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру бойынша кәсіпорындар мен ұйымдар тізімі анықталсын, жалпы саны - 50 адам.
2. Сотталғандар тапқан қаржы жергілікті бюджетке аударылсын.
3. Қала әкімдігінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 368 "Сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Б. Мұхамбетовке жүктелсін.
| Қала әкімі |
Сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру бойынша кәсіпорындар мен ұйымдар тізімі
| № | Ұйымдар атауы | Жіберілетін сотталғандар саны |
| 1. | "Арнаулы автокөлік" АҚ | 5 |
| 2. | "Жасыл Әлем" ЖШС | 5 |
| 3. | "Кастор" ЖШС | 5 |
| 4. | "Өтес" ЖШС | 5 |
| 5. | "Сандор" ЖШС | 5 |
| 6. | "Абира" ЖШС | 5 |
| 7. | "Башлам" ЖШС | 5 |
| 8. | "Гем" ЖШС | 5 |
| 9. | "Гүлтерек сервис" ЖШС | 5 |
| 10. | "Зеленстрой" ЖШС | 5 |
| | БАРЛЫҒЫ: | 50 |
