1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің мәселелері" атты 1998 жылғы 17 тамыздағы N 4021 U984021_ Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "85" саны "76" санымен алмастырылсын;
аталған Жарлықтың 1 қосымшасында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Агенттік Төрағасының орынбасары - департамент директоры болады, оны Төрағаның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметінен босатады";
11-тармақтың 2) тармақшасындағы "Атқарушы Директор" сөзі алынып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Агенттік Төрағасының орынбасары - департамент директоры Төраға орнында болмаған кезде, оның орнын басады, оған Агенттік Төрағасы жүктеген өзге де міндеттерді атқарады";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Агенттікте Директорлар кеңесі құрылады, оның құрамына лауазымы бойынша Агенттік Төрағасы (Директорлар кеңесінің төрағасы), Төрағаның орынбасары - департамент директоры, департаменттер директорлары, сондай-ақ Агенттік Төрағасының шешімі бойынша Агенттіктің басқа
жауапты қызметкерлері кіреді";
Аталған Жарлықтың 2 қосымшасында:
"Әкімшілік - ақпарат департаменті" деген жол "Ұйымдық -
ақпараттық жұмыс басқармасы" деген жолмен алмастырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
(Қасымбеков Б.А.)
(Икебаева Ә.Ж.)
