ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 280 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
1-тараудың төртінші, сегізінші және оныншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Еліміз Тәуелсіздік жылдары халықаралық аренада ұстанымын нығайтып, бейбітшіл және ашық мемлекет, жаһандық және өңірлік істерде сенімді әріптес ретінде орнықты. Қазақстан Республикасы көпвекторлы, прагматикалық тұрғыдан және проактивті сыртқы саясатты іске асыруда, қауіпсіздік, ынтымақтастық және даму салаларында жаһандық және өңірлік күн тәртібін қалыптастыру мен іске асыруда елеулі үлес қосуда. Бұл ретте ұлттық мүдделерді барынша және мызғымастықпен қорғауға, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық басымдықтарды сындарлы түрде ілгерілетуге басты назар аударылады.";
"Үшіншіден, "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес және әлемнің дамыған отыз мемлекеті қатарына кіру бойынша стратегиялық міндетті ескере отырып, сыртқы периметрде мемлекеттің, бизнестің, Қазақстан Республикасының әрбір азаматының мүдделерін ілгерілету мен қорғауға назар аударуды күшейту қажет. Бұл – халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесімен тығыз байланысқан қуатты, үйлесімді және әлеуметтік жауапты мемлекет құрудың негізгі шарты.";
"Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді және орнықты даму стратегиясында, "Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам" ұлт жоспарында және Президенттің Қазақстан халқына жолдауларында көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді ескере отырып әзірленді.";
3-тараудың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ел дамуының жаңа кезеңінде сыртқы саяси бағыттың сабақтастығы;
2) тұрақты, әділ және демократиялық әлемдік тәртіп құруға жәрдемдесу; әлемдік саяси, экономикалық және гуманитарлық кеңістікке тең құқылы интеграциялану; Қазақстан Республикасы азаматтарының және шетелде тұратын отандастардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау;";
бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) елдің Тәуелсіздігін, Егемендігін және аумақтық тұтастығын нығайту, сыртқы саяси бағыттың дербестігін сақтау;";
екінші бөліктің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) азаматтарды Қазақстан Республикасынан тыс жерде заңға сәйкес қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жетілдіру.";
"3. Адам құқықтары, гуманитарлық дипломатия және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басымдықтар" деген параграфта:
3.10, 3.11 және 3.13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3.10. әлемдік қоғамдастықты Қазақстан Республикасының өңірлік және жаһандық саясат пен экономика мәселелері бойынша тәсілдері мен бастамалары туралы, оның ішінде Астана халықаралық форумының әлеуетін пайдаланып хабардар ету;
3.11. қазақстандық қоғамға елдің сыртқы саясатының міндеттері мен басымдықтарын, қоғамның сыртқы саяси құзыретін арттыру және сырттан келетін теріс ықпалға төзімділікті күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтары үшін нақты нәтижелер мен пайда туралы жүйелі түрде түсіндіру;";
"3.13. шет елдердегі Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ шетел азаматтары асырап алған, шет елдерде тұратын қазақстандық балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;";
"4. Өңірлік және көпжақты дипломатия саласындағы басымдықтар" деген параграфта:
"Сыртқы саясатты іске асыру құралдары" деген кіші бөлімде:
екінші бөлік алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Құрылтайы - заң шығару билігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары өкілді органы.";
6-тараудың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) сыртқы саяси сабақтастық стратегиясы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін, оның халықаралық беделін нығайтуға;";
7-тараудың 1-тармағы алып тасталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
