"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаевқа Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат беріле отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
| Қазақстан Республикасы | |
| Президентінің 2026 жылғы 3 тамыздағы |
|
| № 1385 Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН |
|
| Жоба |
Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі дәстүрлі достық қарым-қатынасты дамыту мен нығайтуға және азаматтық істер бойынша құқықтық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін күш-жігерін біріктіруге ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
I БӨЛІМ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап
1. Осы Келісім:
a) сот құжаттарын және соттан тыс құжаттарды табыс етуді;
b) сот тапсырмаларын орындауды;
c) сот шешімдерін, нотариаттық актілерді және өзге де ресми құжаттарды тануды және орындауға рұқсат етуді;
d) құқыктық ақпаратпен және материалдармен алмасуды;
e) сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасында көзделген азаматтық істер бойынша құқықтық көмектің кез келген басқа да нысандарын қоса алғанда, азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетуге қолданылады.
2. Осы Келісімде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
a) сот құжаттары және соттан тыс құжаттар - Уағдаласушы Тараптардың заңнамасында көзделген шақыру қағаздарын, хабарламаларды, сот шешімдерін, нотариаттық актілер және ресми құжаттарды қоса алғанда, азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетуге байланысты табыс етілуге және берілуге тиісті барлық құжат;
b) сот тапсырмасы - бір Уағдаласушы Тараптың сот органының басқа Уағдаласушы Тараптың сот органына азаматтық іс бойынша процестік әрекеттерді жасау туралы ресми жолданымы;
c) хабарлама - процеске қатысушыларды сот отырысының немесе процестік әрекеттер жасалуының уақыты мен орны туралы ресми хабардар ету;
d) куәлік - адресатқа құжаттардың табыс етілгенін растайтын ресми құжат;
e) сот шешімін тану және орындауға рұқсат ету туралы өтінішхат - басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында сот шешімін тану және орындауға рұқсат ету туралы мүдделі тұлғаның құзыретті сотқа жүгінуі.
3. Осы Келісімде қолданылатын "азаматтық істер" терминінде неке-отбасы, еңбек істері, мұрагерлік істер, сондай-ақ экономикалық дауларды шешуге қатысты істер қамтылады.
4. Осы Келісімде:
a) компаниялардың немесе басқа да заңды тұлғалардың төлем қабілетсіздігіне байланысты банкроттық, тарату рәсімдері;
b) әлеуметтік сақтандыру жөніндегі даулы шешімдер;
c) алименттерге қатысты қолданылатын шараларды қоспағанда, алдын алу және қамтамасыз ету шаралары мәселелері бойынша шығарылған сот шешімдеріне қолданылмайды.
Осы Келісімді іске асыру мақсатында:
Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ететін орталық билік органдары соттардан келіп түскен сұрау салулар, сондай-ақ сот тапсырмаларын орындау жөніндегі сұрау салулар бойынша және сот шешімдерін тану мен орындауға рұқсат ету туралы өтінішхаттар бойынша - Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі;
барлық өзге сұрау салулар бойынша - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.
Марокко Корольдігінің орталық билік органы - Марокко Корольдігінің Әділет министрлігі.
2. Уағдаласушы Тараптар өздерінің орталық органдарындағы кез келген өзгерістер туралы бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
1. Уағдаласушы Тараптардың өз аумағында тұратын әрбір азаматының сотта қорғалу құқығы бар, олар мемлекеттік бажды, нотариаттық алымдарды және сот шығыстарын төлеуден босатылады, сондай-ақ өз азаматтарымен бірдей жағдайларда тегін заң көмегін пайдаланады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жеңілдіктер нақты іс бойынша жүзеге асырылатын барлық процестік әрекетке, оның ішінде шешімдерді орындауға қолданылады.
1. Осы Келісімнің 3-бабында көзделген жеңілдіктер өтінішхатты жолдап отырған адамның отбасылық және мүліктік жағдайы туралы құжат негізінде беріледі. Бұл құжатты аумағында өтініш берушінің тұрғылықты немесе болатын жері бар Уағдаласушы Тараптың құзыретті мекемесі береді.
2. Егер өтініш берушінің Уағдаласушы Тараптың аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жері болмаса, онда оның өзі азаматы болып саналатын Уағдаласушы Тараптың тиісті дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі берген құжатты ұсынуы жеткілікті.
1. Бір Уағдаласушы Тараптың азаматтары басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында басқа Уағдаласушы Тараптың азаматтарымен бірдей жағдайларда құқықтық жағынан қорғалуды пайдаланады және олардың басқа Уағдаласушы Тараптың соттарына және сот органдарына жүгіну құқығы болады.
2. Осы Келісімнің ережелері заңды тұлғаларға да қолданылады.
1. Осы Келісімге сәйкес құқықтық көмек көрсету шеңберінде жолданатын барлық сұрау салу және тиісті құжаттар, оларға қосымшалар сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың ресми тілінде жолданады және ағылшын тіліндегі немесе сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың ресми тіліндегі аудармасы қоса беріледі.
2. Уағдаласушы Тараптардың орталық органдары арасындағы өзара іс-қимыл жасау тілі - ағылшын тілі.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар нотариат куәландырған болуға тиіс.
II БӨЛІМ
АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
1. Азаматтық істер бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттар, сондай-ақ сот тапсырмалары тікелей сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың орталық органынан сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың орталық органына не дипломатиялық арналар арқылы жіберіледі.
2. Сот тапсырмаларында және хабарламаларда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
a) сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың орталық органының атауы;
b) сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың орталық органының атауы;
c) күні және шығыс нөмірі;
d) жеке тұлға туралы деректер: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, тұрғылықты жері, азаматтығы, қызмет түрі; заңды тұлға туралы деректер: атауы, заңды мекенжайы немесе тұрған жері, банктік деректемелері мен фискалдық кодтары;
e) азаматтық іс тарапының әрқайсысының және егер бар болса, олардың өкілдерінің немесе адвокаттарының тіркелген мекенжайы және тұрып жатқан немесе орналасқан жерінің нақты мекенжайы;
f) тапсырманың және оны орындау барысында алынған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету қажеттігі туралы;
g) тапсырманың мазмұны туралы, сондай-ақ оны орындауға қажетті басқа да мәліметтер.
3. Егер құжатты қарау сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың орталық органының құзыретіне кірмесе, ол осы құжатты құзыреті бойынша басқа органға береді және бұл туралы сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың орталық органына хабарлайды.
Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың орталық органы құжаттарды табыс етуді:
a) аумағындағы адамдарға құжаттарды табыс ету үшін осы мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен, немесе
b) өтініш берушінің өтінішхаты бойынша сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың заңнамасына қайшы келмейтін кез келген тәсілмен қамтамасыз етеді.
1. Осы Келісімге сәйкес бір Уағдаласушы Тараптың орталық органы басқа Уағдаласушы Тараптың орталық органына құжаттарды табыс ету бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу жібереді.
2. Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа құжаттардың табыс етілгенін растайтын, табыс ету күні көрсетілген адресаттың қолхатын не куәлікті, не құжаттарды табыс ету бойынша өзара құқықтық көмек көрсетуге толық немесе ішінара кедергі келтіретін себептердің сипаттамасын жібереді.
3. Алушы құжатты қабылдаудан немесе куәлікке қол қоюдан бас тартқан жағдайда, табыс етуді орындаған орган бұл туралы куәлікке белгі қойып, сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа хабарлайды.
4. Куәліктің немесе қолхаттың көшірмесі, қажет болған жағдайда, олардың түпнұсқасы осы Келісімде көзделген байланыс арналары арқылы поштамен жіберілгенге дейін факс, электрондық пошта немесе өзге байланыс тәсілі арқылы жіберілуі мүмкін.
Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың орталық органы, егер сот тапсырмасын орындау осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес оның органдарының құзыретіне кірмесе немесе оның мемлекетінің егемендігіне, қауіпсіздігіне немесе қоғамдық тәртібіне нұқсан келтіретін болса, оны орындаудан бас тартады. Мұндай жағдайларда сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап бас тарту себептерін жаза отырып, сұрау салушы Уағдаласушы Тарапты хабардар етеді.
Уағдаласушы Тараптар осы Келісімді іске асырумен байланысты шығыстарын дербес көтереді, Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес ынтымақтастық жөніндегі кез келген іс-шараларды өткізу кезіндегі шығындар үшін жауапты болады.
Жоғарыда аталған ережелерге сәйкес сот тапсырмасын орындау рәсімдерінің сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың сот органы орындағандағы сияқты сондай заңды күші бар.
1. Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың орталық органы сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың орталық органының сұрау салуы бойынша құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманың алынғаны және оның мазмұны туралы фактінің және оны орындау нәтижесінде алынған деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдайды.
2. Сұрау салушы және сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптардың орталық органдары тапсырманы орындау нәтижесінде алынған мәліметтердің құпиялылығын сақтау шарттары мен мерзімдерін қажеттілікке қарай өзара келіседі.
III БӨЛІМ
COT ШЕШІМДЕРІН ТАНУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУҒА РҰҚСАТ ЕТУ
1. Бір Уағдаласушы Тараптың сот органдары азаматтық істер бойынша шығарған сот шешімдері, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрбандарына азаматтық жауапкершілік тәртібімен осы бөлімде белгіленген шарттар мен нысандарға сәйкес залалды өтеу көзделетін шешімдер осы Келісімге сәйкес басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында заңды күшіне ие болады және орындалуға тиіс.
2. Тануға және орындауға рұқсат етуге мына шарттардың бірі сақталған кезде:
a) аумағында шешім шығарылған мемлекетте қолданылатын заңнамаға және қағидаларға сәйкес шешімді құзыретті сот шығарғанда;
b) сот талқылауының тараптары істі қараған мемлекеттің заңнамасына сәйкес тиісті түрде хабардар етілгенде, бұл ретте тиісті түрде хабардар етілген тарап сот отырысына келмеген жағдайда сот істі оның қатысуынсыз қарағанда;
c) аумағында шешім шығарылған мемлекеттің заңнамасына сәйкес шешім заңды күшіне енгенде;
d) аумағында шешімді орындауға рұқсат ету сұратылып отырған мемлекеттің заңнамасына немесе қолданылатын халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келетін қандай да бір ережелер шешімде қамтылмағанда;
e) сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың соттарында шешімді тану және орындауға рұқсат ету сұратылып отырған дау нысанасына қатысты сол тараптар арасында іс болмағанда, жол беріледі.
1. Сот шешімдерін тану және орындауға рұқсат ету сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың орталық органына тиісті сұрау салуды жіберетін сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың орталық органы арқылы мүдделі тарап ұсынған өтінішхат бойынша жүзеге асырылады.
2. Сот шешімін тану және орындауға рұқсат ету туралы сұрау салуды қарайтын сот осы Келісімде көзделген шарттардың сақталғанын белгілеумен шектеледі. Сот, егер шарттар сақталған жағдайда, сот шешімдерін орындауға рұқсат ету туралы шешім шығарады.
3. Шешімдерді тану және орындауға рұқсат ету тәртібі аумағында орындау жүзеге асырылуға тиіс Уағдаласушы Тараптың заңнамасына сәйкес айқындалады.
1. Уағдаласушы Тараптар осы Келісімде көзделген шарттармен өздерінің аумағында шығарылған:
a) сот бекіткен татуласу келісімдерін қоса алғанда, азаматтық істер бойынша;
b) алименттерді өндіріп алу туралы істер бойынша талап қоюды қамтамасыз ету мақсатында банктік шоттардағы ақша қаражатын қоса алғанда, мүлікке тыйым салу туралы сот шешімдерін таниды және орындайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген сот шешімдерін тану және орындауға рұқсат ету сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Сот шешімінің заңды күшіне сілтеме жасайтын немесе оны орындауға рұқсат етуді талап ететін тарап:
a) заңды күшіне енген сот шешімін не оның тиісті түрде куәландырылған көшірмесін;
b) процеске қатыспаған, өзіне қарсы шешім шығарылған тарап тиісті түрде және уақтылы сотқа шақырылғанын, ал ол процеске қатысуға қабілетсіз болған жағдайда тиісті түрде заңды өкілі арқылы өкілдік еткенін білдіретін құжатты;
c) сырттай сот шешімін шығарған тарапқа жіберілген хабарламаның куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс.
Осы Бөлімге енгізілген баптардың ережелері Уағдаласушы Тараптардың бірінің аумағында басқа Уағдаласушы Тарапқа қарсы немесе оның лауазымды адамдарының біріне қарсы қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың жасаған әрекеттері үшін шығарылған сот шешімдеріне, сондай-ақ орындалуы Уағдаласушы Тараптар қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға қайшы келетін сот шешімдеріне қолданылмайды.
IV БӨЛІМ
ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТ
1. Уағдаласушы Тараптардың орталық органдары біріне-бірі сұрау салу бойынша осы Келісімнің 16-бабында көрсетілген мәселені реттейтін өз мемлекеттерінің заңнамасы туралы ақпарат бере алады.
2. Ақпарат беру туралы сұрау салуды орталық орган жібереді.
1. Ақпараттық сұрау салуда сұрау салуды жіберген орган, сондай-ақ сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың заңнамасына қатысты сұралатын ақпараттың тақырыбы нақты көрсетілген істің сипаты көрсетіледі.
2. Сұрау салуда негізделген және толық жауап алуға мүмкіндік беретін фактілер қамтылуға тиіс. Сұрау салудың көлемін нақтылау үшін қажетті құжаттардың көшірмелері де қоса берілуі мүмкін.
3. Сұрау салушы Уағдаласушы Тарап, егер оның жауабы үшін қажет болса, қосымша ақпарат сұрата алады.
1. Әрбір Уағдаласушы Тарап, егер ақпарат жабық сипатта болса немесе егер оны беретін Уағдаласушы Тарап оның жария болуын қаламайтынын білдірсе, басқа Уағдаласушы Тараптан алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді. Мұндай ақпараттың құпиялылық дәрежесін оны берген Уағдаласушы Тарап айқындайды.
2. Осы Келісімге сәйкес алынған ақпаратты оны берген Уағдаласушы Тараптың келісімінсіз, егер сол ақпарат қана оны берген Уағдаласушы Тараптың мемлекетінде жалпыға қолжетімді болмаса, сұрау салынған және берілген мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдалануға болмайды.
3. Осы Келісімге сәйкес бір Уағдаласушы Тарап алған ақпаратты үшінші тарапқа беруге, егер сол ақпарат осы Уағдаласушы Тараптың мемлекетінде жалпыға қолжетімді болса және егер оны беру кезінде осы Уағдаласушы Тарап мұндай талап қоймаса, оны берген Уағдаласушы Тараптың алдын ала келісімі талап етілмейді.
1. Ақпарат беру туралы сұрау салуға жауап мүмкіндігінше қысқа мерзімде беріледі.
2. Сұратылатын ақпаратты беру оның сипатына қарамастан, қандай да бір алымдарға алып келмейді.
1. Бір Уағдаласушы Тараптың орталық органдарының сұрау салуы бойынша басқа Уағдаласушы Тараптың орталық органы құжаттарды және азаматтық хал актілерінен үзінді көшірмелерді, сондай-ақ сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың азаматтарына қатысты өзге де ресми құжаттарды баждар мен салықтарды төлемей береді.
2. Құжаттарды беру осы Келісімде көзделген байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.
V БӨЛІМ
ЗАҢДАСТЫРУДАН БОСАТУ
1. Осы Келісімді іске асыру мақсатында Уағдаласушы Тараптардың бірінің сот органдары немесе басқа да мемлекеттік органдары берген және байланыс арналары арқылы берілген құжаттар заңдастыру талаптарынан босатылады.
2. Құжаттарға қол қойылады және оларды беруге уәкілеттік берілген органның ресми мөрі қойылады. Көшірмелердің түпнұсқаларға сәйкестігін жоғарыда көрсетілген орган куәландырады. Барлық жағдайда құжаттардың сыртқы түрінен олардың төлнұсқа екені көрініп тұруға тиіс.
VI БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Осы Келісімнің ережелері Уағдаласушы Тараптардың өздері қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттарға қатысты құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.
Осы Келісімді түсіндіруге немесе іске асыруға байланысты туындайтын кез келген даулар Уағдаласушы Тараптардың орталық органдары арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.
1. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Уағдаласушы Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап 30 (отыз) күн өткен соң күшіне енеді.
2. Осы Келісімге Уағдаласушы Тараптардың өзара келісімі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылады және осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
3. Осы Келісім Уағдаласушы Тараптардың бірі басқа Уағдаласушы Тараптың осы Келісімнің қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап 180 (бір жүз сексен) күн өткен соң өз қолданысын тоқтатады.
20 жылғы___ қаласында екі данада қазақ, орыс, араб және ағылшын тілдерінде жасалды әрі барлық мәтін бірдей теңтүпнұсқалы.
Келісімнің мәтінінде алшақтықтар туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
| Қазақстан Республикасы үшін | Марокко Корольдігі үшін |
