"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтағы тауарлармен жасалатын электрондық сауда туралы келісімінің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Абайұлы Бектенов Еуразиялық экономикалық одақтағы тауарлармен жасалатын электрондық сауда туралы келісімге Қазақстан Республикасының атынан қол қойсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
| Қазақстан Республикасы | |
| Президентінің 2026 жылғы 27 шілдедегі |
|
| № 1380 Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН Жоба |
Еуразиялық экономикалық одақтағы тауарлармен жасалатын электрондық сауда туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) негізге ала отырып,
экономикалық ынтымақтастықты және сауда-экономикалық байланысты дамыту ниетін растай отырып,
Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) ішкі нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз етуде және оған мүше мемлекеттер экономикасын дамытуда тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауданың маңызды рөлі мен мәнін тани отырып,
осы мақсатта тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауданы дамыту және жүзеге асыру үшін, сондай-ақ Одақтағы тауарлармен жасалатын электрондық саудаға қатысушылардың құқықтарын қорғау үшін жағдайларды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
Одақта тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауданы ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын айқындауға ниет білдіре отырып,
Одақтағы тауарлармен жасалатын өзара электрондық саудаға қатысушыларды кемсітпеу қағидаттарын негізге ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Келісімнің нысаны және қолданылу аясы
1. Осы Келісім тұтынушыға тауарды "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісін пайдалана отырып, қашықтық тәсілмен ұсыну және (немесе) өткізу бойынша Одақтың ішкі нарығында электрондық саудаға кәсіби қатысушылар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметті реттеуге бағытталған (бұдан әрі - тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауда).
Осы Келісім тауарлармен жасалатын электрондық саудаға кәсіби қатысушылардың кемінде біреуі немесе тұтынушы басқа мүше мемлекеттің тұлғасы болып табылатын шеңберде тауарлармен жасалатын өзара электрондық саудаға байланысты құқықтық қатынастарға қолданылады.
2. Тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауданы жүзеге асыруға байланысты құқықтық қатынастар Шартпен, Одақ құқығын құрайтын өзге де халықаралық шарттармен және актілермен және мүше мемлекеттердің заңнамасымен реттеледі.
3. Осы Келісім электрондық сауда шеңберінде сатып алынған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты құқықтық қатынастарға қолданылмайды.
Осы Келісім биржалық (ұйымдасқан) саудаға, сондай-ақ бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатуға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:
"ілеспе қызметтер көрсететін тұлға" - ілеспе қызметтер көрсететін, мүше мемлекеттің аумағында тіркелген заңды тұлға немесе мүше мемлекетте тұрақты тұрғылықты жері бар, кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы бар) жеке тұлға, сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға;
"электрондық құжат айналымының ұлттық операторы" - мүше мемлекеттің аумағында тіркелген, осы мүше мемлекеттің электрондық құжат айналымы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сай келетін және заңды күші бар электрондық құжаттармен алмасуды қамтамасыз ететін заңды тұлға;
"электрондық сауда алаңының операторы" - мүше мемлекеттің аумағында тіркелген заңды тұлға немесе мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген, электрондық сауда алаңының иелері болып табылатын және (немесе) оны басқаруды жүзеге асыратын, сатушылар мен тұтынушыларға тауарды электрондық сауда алаңын пайдалана отырып өткізуге байланысты қызметтерді көрсететін жеке тұлға;
"ашық деректер" - мүше мемлекеттердің заңнамасына, халықаралық шарттарға және Одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес жалпыға қолжетімді, тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауданы жүзеге асыруға жататын, мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары немесе Еуразиялық экономикалық комиссия "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде орналастыру арқылы тұлғалардың шектелмеген тобына ұсынатын ақпарат;
"дербес деректер" - мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгілі бір немесе белгіленетін жеке тұлғаға (дербес деректер субъектісіне) тікелей немесе жанама қатысты кез келген ақпарат;
"тұтынушы" - мүше мемлекетте тұрақты тұрғылықты жері бар немесе оның аумағында уақытша болатын, тауарды "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісі арқылы тек қана кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болмайтын жеке (тұрмыстық) мұқтаждары үшін сатып алуға ниетті немесе сатып алатын жеке тұлға;
"сатушы" - мүше мемлекеттің аумағында тіркелген заңды тұлға немесе мүше мемлекетте тұрақты тұрғылықты жері бар, кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы бар) жеке тұлға, сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген, тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауда шеңберінде бөлшек саудада сатып алу-сату шарты немесе тұтынушыға тауарды өткізуді көздейтін өзге де шарт бойынша тұтынушыға тауарларды дербес не электрондық сауда алаңы операторының көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып ұсынатын және (немесе) өткізетін жеке тұлға;
"электрондық саудаға кәсіби қатысушылар" - сатушылар, электрондық сауда аландарының операторлары;
"ілеспе көрсетілетін қызметтер" - тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауданы жүзеге асыруға байланысты көрсетілетін қызметтер;
"тауар" - тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауда шеңберінде өткізілетін цифрлық тауарлар, кез келген жылжымалы мүлік, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке теңестірілген өзге де өткізілетін заттар;
"уәкілетті органдар" - мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауданы реттеу шараларын қабылдауды және (немесе) қолдануды, сондай-ақ тауарлардың айналымын бақылауды және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары;
"электрондық саудаға қатысушылар" ~ электрондық саудаға кәсіби қатысушылар, ілеспе қызметтер көрсететін тұлғалар және тұтынушылар;
"цифрлық тауар" - цифрлық технологиялардың көмегімен тіркеп белгіленген (цифрлық форматқа айналдырылған) және тұтынушыға электрондық сауда алаңында өткізуге арналған өнім, оның ішінде электрондық есептеуіш машиналарға арналған бағдарламалар мен бағдарламалардың элементтері (бағдарлама тудыратын аудиовизуалды бейнелерді қоса алғанда), фонограммалар, аудиовизуалды туындылар, мультимедиялық өнімдер және зияткерлік қызметтің басқа да нәтижелері. Цифрлық тауар мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалатын цифрлық белгілерді (токендерді), виртуалды (цифрлық) активтерді, цифрлық қаржылық активтерді, өзге де цифрлық құқықтарды және цифрлық валюталарды қамтымайды;
"электрондық сауда алаңы" - тауарлармен өзара электрондық сауданы жүзеге асыру мүмкіндігін (оның ішінде сатушының тұтынушыны тауармен таныстыру үшін оны сату туралы ұсыныстарын орналастыруы, тауарды жарнамалау, бөлшек саудада сатып алу-сату шартын немесе тауарды тұтынушыға өткізуді көздейтін өзге де шартты жасасу, тауар үшін есеп айырысу, тауарды тұтынушыға жеткізуді ұйымдастыру арқылы) қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық кешен немесе ақпараттық-телекоммуникациялық жүйе (оның ішінде "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі сайт немесе сайттың бір бөлігі, электрондық есептеуіш машиналарға арналған бағдарлама).
Осы Келісімде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда айқындалған мағынада түсініледі.
Тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауданы жүзеге асыру
1. Шарттың ережелеріне сәйкес тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауда шеңберінде тауарлардың және ілеспе көрсетілетін қызметтердің еркін қозғалысы қамтамасыз етіледі.
2. Қаржылық және көліктік көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Одақ шеңберінде бірыңғай қызметтер көрсету нарығы жұмыс істейтін көрсетілетін қызмет секторларының (кіші секторларының) тізбесіне енгізілмеген ілеспе көрсетілетін қызметтер Шарттың XV бөлімінде және Көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттамада (Шартқа № 16 қосымша) белгіленген тәртіппен және шарттарда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімін қабылдау арқылы осындай тізбеге енгізіледі.
3. Ілеспе қаржылық және көліктік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тиісінше Қаржылық қызметтер жөніндегі хаттамаға (Шартқа № 17 қосымша) және Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттамаға (Шартқа № 24 қосымша) сәйкес жүзеге асырылады.
4. Тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауда шеңберінде цифрлық тауарлардың еркін өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттер өз нарығына кіру шарты ретінде бағдарламалық қамтылымның бастапқы кодын беру немесе оған қол жетімділік ұсыну бойынша талаптар қоймайды.
Көрсетілген ереже ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарымен жасалатын өзара электрондық саудаға қолданылмайды.
5. Тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауда шеңберінде электрондық сауда алаңдарының операторлары қандай да бір мүше мемлекеттің сатушылары мен тауарларына өздерінің көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділік береді және оларды өз мемлекетінің немесе басқа мүше мемлекеттің сатушылары мен тауарларына ұсынылатын жағдайлардан кем болмайтын қолайлы жағдайларда көрсетеді.
Тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауданы реттеу
1. Тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауданы реттеу және электрондық саудаға қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі (бұдан әрі - Комиссия):
а) электрондық саудаға кәсіби қатысушыларға бөлшек саудада сатып алу-сату шартын немесе тұтынушыға тауар өткізуді көздейтін өзге де шартты (бұдан әрі - шарт) жасасу туралы жария офертаның мазмұны, сондай-ақ оны жариялау және оның өзгергені туралы хабардар ету тәртібі бөлігінде қойылатын талаптарды;
б) электрондық сауда алаңының операторларына олардың сатушыларға қызмет көрсетуі туралы жария офертаны жариялау және оның өзгергені туралы хабардар ету тәртібі бөлігінде қойылатын талаптарды;
в) тауарды сатуға ұсынған кезде электрондық саудаға кәсіби қатысушылар ұсынуға міндетті осы тауар туралы, сатушы және электрондық сауда алаңының операторы туралы мәліметтердің және өзге де қажетті мәліметтердің тізбесін;
г) электрондық саудаға қатысушылар арасындағы, оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдары, сондай-ақ электрондық саудаға кәсіби қатысушылар мен олардың бірлестіктері, егер мұндай бірлестіктердің қызметі мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, өздерінің базасындағы дауларды сотқа дейін реттеу тәртібіне қойылатын талаптарды;
д) тұтынушыға шарттың орындалу барысы туралы хабар беруге қойылатын талаптарды;
е) тауарды қайтару жағдайларын;
ж) ақша қаражатын қайтару жағдайлары мен мерзімдерін белгілейді.
2. Комиссия кеңесі қажет болған кезде бағдарламалық-аппараттық кешенді немесе ақпараттық-телекоммуникациялық жүйені (оның ішінде "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі сайтты немесе сайттың бір бөлігін, электрондық есептеуіш машиналарға арналған бағдарламаны) тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауда шеңберіндегі электрондық сауда алаңына жатқызу өлшемшарттарының тізбесін бекітеді.
3. Электрондық сауда алаңының операторы тауарды шарт бойынша дербес өткізген жағдайда электрондық сауда алаңының мұндай операторы да сатушы болады.
4. Комиссия мүше мемлекеттердің аумағында олардың заңнамасына сәйкес "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісі арқылы өткізуге тыйым салынған немесе шектелген тауарлардың тізілімін қалыптастырады және оны "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде Одақтың ресми сайтында орналастырады.
Көрсетілген тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібін Комиссия бекітеді.
Тұтынушылардың құқықтары және оларды қорғау
1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды мүше мемлекеттер тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауданың ерекшеліктерін ескере отырып, Шартқа және аумағында тұтынушы тұратын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сауданың басқа нысандары үшін көзделген деңгейден төмен болмайтын деңгейде жүзеге асырады.
2. Тұтынушы тауар берілгенге дейін тиісінше сапалы тауардан бас тартуға немесе осы Келісімнің 4-бабы 1-тармағының "е" тармақшасына сәйкес белгіленетін тауарларды қайтару шарттарын ескере отырып, тауар тұтынушыға берілген күннен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде оны қайтаруға құқылы. Мүше мемлекеттер тұтынушы тиісінше сапалы тауардан бас тартуға құқылы болатын неғұрлым ұзақ мерзімдерді белгілей алады.
3. Тұтынушы тиісінше сапалы тауардан бас тартқан кезде электрондық саудаға кәсіби қатысушы оған тұтынушы шарт бойынша төлеген ақша қаражатын осы Келісімнің 4-бабы 1-тармағының "ж" тармақшасына сәйкес белгіленген мерзімдерде қайтарады.
4. Электрондық сауда алаңының операторы сатушылар мен тұтынушылар арасындағы дауларды сотқа дейін реттеу мақсатында олардың өзара іс-қимылына жәрдемдеседі.
5. Электрондық саудаға кәсіби қатысушы аумағында тұтынушы тұратын мүше мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес тауарға ақы төлеу тәсілдерін, оның ішінде мүше мемлекеттердің ұлттық төлем жүйелерін (құралдарын) пайдалана отырып қолдану мүмкіндігін дербес айқындайды.
Жарнамалық электрондық хабарлар
Тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауда шеңберінде:
тұтынушының жарнамалық электрондық хабарларды алуға келісімі болған жағдайда оларды жөнелтуге жол беріледі;
тұтынушыға жарнамалық электрондық хабарларды алудан бас тарту мүмкіндігі беріледі.
Тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауда саласында пайдаланылатын деректер
1. Мүше мемлекеттер электрондық саудаға қатысушыларға тізбесін Комиссия Кеңесі бекітетін ашық деректерге еркін қол жетімділік беруді қамтамасыз етеді.
2. Тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауда шеңберінде пайдаланылатын дербес деректерді жинауды, өндеуді және сақтауды шектеу немесе оларға тыйым салу бойынша талаптарды мүше мемлекет өзінің электрондық саудаға қатысушыларына да қатысты, басқа мүше мемлекеттердің электрондық саудаға қатысушыларына да қатысты тең дәрежеде белгілейді және қолданады.
Мүше мемлекеттер Комиссияға көрсетілген талаптардың белгіленгені туралы осы Келісімнің 11-бабында көзделген мерзімде хабарлайды.
3. Электрондық саудаға кәсіби қатысушылар мен ілеспе қызметтер көрсететін тұлғалар, егер мүше мемлекеттердің заңнамасында өздерінің электрондық саудаға кәсіби қатысушылары мен ілеспе қызметтер көрсететін тұлғаларына қатысты өзгеше белгіленбесе, дербес деректерді және таратылуы шектеулі өзге де мәліметтерді қоспағанда, аумағында өз сайттарының деректерін орналастыратын және сақтайтын мүше мемлекетті дербес айқындауға құқылы.
Көрсетілген ереже мүше мемлекет "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінің сегментінде осы мүше мемлекеттің домендік атауын пайдаланатын сайттардың деректерін сақтау бойынша талаптар белгілеген жағдайда қолданылмайды.
1. Комиссия Кеңесі электрондық құжаттарды және электрондық цифрлық қолтаңбаны (электрондық қолтаңбаны) электрондық құжат айналымы шеңберінде өзара тану мақсатында электрондық құжат айналымының ұлттық операторлары мен сенім білдірілген үшінші тараптардың қатысуымен электрондық саудаға кәсіби қатысушылар, сондай-ақ ілеспе қызметтер көрсететін тұлғалар арасында осындай құжат айналымының базалық моделін айқындайды.
Электрондық саудаға кәсіби қатысушылар мен ілеспе қызметтер көрсететін тұлғалар тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауда шеңберінде қолданылатын құжат айналымының түрін (электрондық және (немесе) қағаз) дербес айқындайды. Электрондық құжат айналымын жүзеге асыру кезінде көрсетілген базалық модель пайдаланылады.
2. Мүше мемлекеттерде қолданылатын электрондық құжаттардың, олардың құрылымдары мен форматтарының тізілімі, сондай-ақ электрондық құжат айналымын қолдануға қажетті өзге де тізілімдер "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде Одақтың ресми сайтында орналастырылады. Көрсетілген тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу Комиссия бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Мүше мемлекет уәкілетті органдардың басқа мүше мемлекеттің электрондық саудаға кәсіби қатысушыларымен және ілеспе қызметтер көрсететін тұлғаларымен трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жасаған кезде осы басқа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен (электрондық қолтаңбамен) қол қойылған электрондық құжаттардың төлнұсқалығын (жарамдылығын), егер мұндай электрондық құжаттардың төлнұсқалығы (жарамдылығы) бірінші мүше мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапынан алынған ақпарат негізінде Комиссия белгілейтін тәртіппен расталса, таниды.
Мүше мемлекеттердің заңнамасын жақындастыру
Комиссия алаңында мүше мемлекеттердің тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауда саласындағы заңнамасын жақындастыру мәселелері бойынша тұрақты консультациялар жүргізіледі.
Уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы
1. Мүше мемлекеттер осы Келісімді іске асыруға және (немесе) тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауда саласындағы қызметті үйлестіруге жауапты органдарды айқындайды және бұл туралы Комиссияны хабардар етеді.
2. Мүше мемлекеттер осы Келісіммен реттелетін мәселелер бойынша уәкілетті органдар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуде біріне-бірі жәрдем көрсетеді.
Тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауда саласындағы бұзушылықтарды болғызбау және өзара іс-қимылдың тиімділігін қамтамасыз ету үшін, оның ішінде ақпарат алмасу мақсатында уәкілетті органдар екіжақты және көпжақты келісімдер жасаса алады.
3. Уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы:
а) жедел ақпарат алмасуды;
б) электрондық саудаға қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын болғызбау тетігін құруды;
в) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы проблемалық мәселелер мен жағдайлар бойынша консультациялар жүргізуді және оны бірлесіп талқылауды қамтиды.
4. Бір мүше мемлекеттің уәкілетті органдары электрондық саудаға қатысушылардың кез келгенінің осы мүше мемлекеттің аумағында немесе басқа мүше мемлекеттердің аумақтарында адамдардың денсаулығына немесе қауіпсіздігіне, жануарларға, өсімдіктерге немесе қоршаған ортаға залал келтіретін, өздеріне белгілі болған әрекеттері туралы басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және Комиссияға қысқа мерзімде хабарлайды.
1. Уәкілетті органдар тауарлармен жасалатын өзара электрондық сауда мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің орыс тіліндегі (орыс тіліне аудармасы бар) көшірмелерін Комиссияға олар қабылданған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей жібереді.
2. Комиссия нормативтік құқықтық актілердің алынған көшірмелерін "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде Одақтың ресми сайтында орналастырады.
Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар Шартта айқындалған тәртіппен шешіледі.
Осы Келісімге мүше мемлекеттердің өзара келісімі бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін, олар жекелеген хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болады.
1. Осы Келісім Одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарт болып табылады және Одақ құқығына кіреді.
2. Осы Келісім депозитарий оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап 180 күн өткен соң күшіне енеді.
20 жылғы __ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды,
Осы Келісімнің төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
| Армения Республикасы үшін | Беларусь Республикасы үшін |
| Қазақстан Республикасы үшін | Қырғыз Республикасы үшін |
| Ресей Федерациясы үшін |
