"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2013 жылғы 25 қазанда Минскіде жасалған Мемлекетаралық валюта комитетін құру туралы 1995 жылғы 26 мамырдағы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттама бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
