шағын және орташа бизнестi кең түрде дамытуға жағдайлар туғызу,
сондай-ақ республиканың немiс халқы арасында көшi-қон процесiн
азайту мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң Қазақстан
Республикасындағы немiс диаспорасының экономикалық даму шараларын
жасау жөнiндегi жұмыс тобын мынадай құрамда құру туралы ұсынысы
қабылдансын:
Штойк Г.Г. - Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрiнiң орынбасары, жетекшi
Шүкеев Ө.С. - Қазақстан Республикасының Экономика
министрi, жетекшiнiң орынбасары
Алесин В.И. - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
министрiнiң орынбасары
Баймағамбетов С.З. - Қазақстан Республикасы Үкiметi
Аппаратының Әлеуметтiк-мәдени даму
бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi
Бәйменов А.М. - Қазақстан Республикасы Еңбек
министрiнiң бiрiншi орынбасары
Дедерер А.Ф. - Қазақстан немiстерi кеңесiнiң
төрағасы /келiсiм бойынша/
Жұмабаев А.Ж. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп
және сауда министрiнiң орынбасары
Iзтiлеуов Б.I. - Қазақстан Республикасы мемлекеттiк
Экспорт-импорт банкi басқармасының
төрағасы
Кист В.Э. - Қарағанды облыстық "Возрождение"
қоғамының төрағасы /келiсiм бойынша/
Ким Г.В. - Қазақстан Республикасының Ұлт саясаты
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
төрағасы
Ренде А.К. - Ақмола облыстық "Возрождение" қоғамының
төрағасы /келiсiм бойынша/
Сыщиков В.В. - Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгi жанындағы Шетел капиталын
пайдалану жөнiндегi комитет төрағасының
орынбасары
Утепов Э.К. - Қазақстан Республикасы Жекешелендiру
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
төрағасы
Шоқпытов А.М. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi төрағасының орынбасары
Шуховцев А.И. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрiнiң орынбасары
2. Жұмыс тобына:
Қазақстанда тұратын немiстердi экономикалық қолдау саласында қазақстан-герман қатынастарын тереңдету жөнiнде екi жақты келiссөздер жүргiзу;
"Қазақстандағы немiс диаспорасын экономикалық дамыту" туралы тұжырымдама мен бағдарламаның жобаларын әзiрлеу және оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзу;
осы бағдарлама шеңберiнде жобалар тiзбесiн пысықтау тапсырылсын.
3. Осы өкiмдi iске асыруға бақылау жасау Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiне жүктелсiн.
Премьер-Министр
