2026 жылғы 27 – 28 сәуірде Астана қаласында Израиль Мемлекетінің Президенті Ицхак Герцогтың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын, соның ішінде қазақ, орыс, ағылшын және иврит тілдеріне ілеспе және дәйекті аударманы қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісу бойынша) белгіленген тәртіппен осы өкімге қосымшаға сәйкес сапар кезінде Израиль Мемлекетінің ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне (бұдан әрі – ресми делегацияның басшысы мен мүшелері) қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері ресми делегация басшысы мен мүшелерінің Астана қаласының халықаралық әуежайындағы (метеожағдай қолайсыз болған жағдайда Қарағанды қаласының халықаралық әуежайы резервтік нұсқа ретінде) тұратын және баратын орындардағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша ілесіп жүруді, сондай-ақ арнайы және резервтегі ұшақтарды күзетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп Израиль Мемлекетінің Президенті Ицхак Герцогтың арнайы және резервтегі ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының халықаралық әуежайына (метеожағдай қолайсыз болған жағдайда Қарағанды қаласының халықаралық әуежайы резервтік нұсқа ретінде) қонуын және ұшып шығуын;
2) Астана қаласының халықаралық әуежайында (метеожағдай қолайсыз болған жағдайда Қарағанды қаласының халықаралық әуежайы резервтік нұсқа ретінде) арнайы және резервтегі ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді, олардың тұрағын және жанармай құюды;
3) Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп (метеожағдай қолайсыз және арнайы және резервтегі ұшақтар Қарағанды қаласының халықаралық әуежайына қонған жағдайларда) ресми делегацияның басшысы мен мүшелерінің Қарағанды қаласынан Астана қаласына дейін жол жүруін қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрімен (келісу бойынша) бірлесіп Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың атынан және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.А. Бектеновтің атынан Израиль Мемлекетінің Президенті Ицхак Герцогтың құрметіне берілетін ресми және бейресми қабылдаулар кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастыруды;
3) Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп:
ресми делегацияның басшысы мен мүшелерінің Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығына баруын ұйымдастыруды;
ресми делегация басшысының Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім саябағында ағаш отырғызу рәсімін ұйымдастыруды;
Израиль Мемлекеті Президентінің жұбайы Михаль Герцогке арналған мәдени бағдарламаны қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп ресми делегацияның басшысы мен мүшелерінің "Alem.ai" халықаралық жасанды интеллект орталығына баруын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
7. Астана қаласының әкімдігі:
1) Астана қаласының халықаралық әуежайында ресми делегацияның басшысы мен мүшелерін қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды;
2) Астана қаласының халықаралық әуежайын, баратын орындардағы және іс-шаралар өткізілетін көшелерді безендіруді, Израиль Мемлекетінің Мемлекеттік Туын жүретін бағдар бойымен орнатуды, сондай-ақ Астана қаласының LEDэкрандарында сапар туралы көрнекі ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етсін.
8. Қарағанды облысының әкімдігі (метеожағдай қолайсыз және арнайы және резервтегі ұшақтар Қарағанды қаласының халықаралық әуежайына қонған жағдайларда) ресми делегацияның басшысы мен мүшелерін Қарағанды қаласының халықаралық әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жүргізілуін қамтамасыз етсін.
9. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп қажет болған жағдайда ресми делегацияның басшысы мен мүшелеріне, олармен ілесіп жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша) Израиль Мемлекетінің Президенті Ицхак Герцогты ресми қарсы алу және шығарып салу, Астана қаласында құрметті қарауылды қамтамасыз ету рәсімдеріне қатыссын.
11. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісу бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ресми делегацияның басшысы мен мүшелерін Астана қаласының халықаралық әуежайында (метеожағдай қолайсыз болған жағдайда Қарағанды қаласының халықаралық әуежайы резервтік нұсқа ретінде) қарсы алу және шығарып салу кезінде тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.
12. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 52-ө өкіміне қосымша |
Израиль Мемлекетінің ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары
2026 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен 001 "Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының мемлекеттік функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер" бағдарламасы бойынша:
1) 2026 жылғы 26 – 29 сәуірде Израиль Мемлекетінің ресми делегациясының басшысы мен мүшелерін (бұдан әрі – ресми делегацияның басшысы мен мүшелері) ("1+1+10" форматы немесе өзаралық қағидаты бойынша), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласының резиденциялары мен қонақүйлерінде орналастыру;
2) Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың атынан және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.А. Бектеновтің атынан ресми делегацияның басшысы мен мүшелеріне арналған ресми және бейресми қабылдаулар;
3) сапар өтетін кезеңде ресми делегацияның мүшелерін және ілесіп жүретін адамдарды тамақтандыру (таңғы, түскі, кешкі ас) мен кофе-брейктер;
4) сапар өтетін кезеңде ресми делегацияның басшысы мен мүшелеріне көліктік қызмет көрсету;
5) іс-шаралар өткізілетін орындарды техникалық қамтамасыз ету, тақырыптық және гүлмен безендіру;
6) іс-шаралар өткізу үшін залдарды жалға алу;
7) баспа өнімдерін дайындау;
8) ресми делегацияның басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу қамтамасыз етілсін.
