1. "Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөніндегі қызметін лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 қыркүйектегі N 969 P980969_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 34, 313-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөніндегі қызметті лицензиялаудың тәртібінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Лицензия түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын қабылдау пунктінің (пункттерінің) орналасқан жері көрсетіле отырып бір данада ресімделеді";
7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Лицензия беру туралы өтініште өтініш беруші түсті және қара металл
сынықтары мен қалдықтарын қабылдау пунктінің (пункттерінің) нақты
орналасқан жерін көрсетуге міндетті.";
16-тармақ мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) Осы Тәртіптің 5-тарауының шарттарына сәйкес келуі тиіс, Лицензияда
көрсетілген, дайындау пункттеріндегі қызметті жүзеге асыру;
6) жаңа дайындау пункті (пункттері) ашылғанға дейін Лицензиарға заңмен
талап етілетін құжаттарды табыс ету";
17-тармақтың 2) тармақшасындағы "және жеке" деген сөздер алынып
тасталсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Қасымбеков Б.А.
