1."Қазақстан Республикасы Жол қорының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 шілдедегі N 623 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 21, 180-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жол қорының қаражатын қалыптастыру туралы ереженің 33-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші-тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген бензин мен дизель
отынынан алынатын алым ставкасы 1998 жылғы 10 қарашадан бастап мынадай
мөлшерде белгіленеді:
бензин бойынша (авиациялықты қоспағанда) - бір метрлік тонна үшін
4000 теңге;
дизель отыны бойынша - бір метрлік тонна үшін 1000 теңге.
Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын бензин мен дизель
отынынан алынатын алым ставкасы 1998 жылғы 10 қарашадан бастап мынадай
мөлшерде белгіленеді:
бензин бойынша (авиациялықты қоспағанда) бойынша - бір метрлік тонна
үшін 10 000 теңге;
дизель отыны бойынша - бір метрлік тонна үшін 8000 теңге".
2. Осы қаулы 1998 жылғы 10 қарашадан бастап күшіне енеді және
жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
