Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Ақмола қаласына көшетiн мемлекеттiк қызметшiлердi материалдық
ынталандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 желтоқсандағы N 1471
P961471_
қаулысына мынадай
өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақта:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қызметкердiң өзiне - көшетiн отбасы мүшелерiн қоса алғанда,
бiлiктiлiк сыныбы үшiн қосымша ақы мен еңбек сiңiрген жылдары үшiн
үстемақыны есепке ала отырып, 6 айлық лауазымдық жалақысына тең
мөлшерде"
оныншы абзац алынып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттiк қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiн көшiру
жөнiндегi шығындардың орнын толтыру республикалық бюджетте орталық
мемлекеттiк органдарға көзделген жалпы сметалық қаржы есебiнен
жүргiзiлсiн".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 желтоқсандағы N 1471 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 7 қараша N 1531. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.09. N 19 қаулысымен. ~P010019
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз
